Балабақшамызға Қош келдіңіз

Біз балаларыңыздың дамуына және өсуіне мүмкіндік беретін жылы, қауіпсіз және қолайлы орта жасаймыз. Әр бала бізге ерекше және маңызды!

көбірек білу үшін

Біз туралы

Біз Бірге Үйренеміз, Өсеміз және Өркендейміз

"Алтын ұя" балабақшасы - бұл балаларыңыздың қауіпсіз, қамқорлықпен толы ортада өсіп, дамуына арналған мекеме. Біз әр баланың жеке қабілеттерін дамытуға, шығармашылық ойлауға және әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға көп көңіл бөлеміз. Біздің балабақшада балалар ойын арқылы білім алады, достармен қарым-қатынас жасайды және өмірге деген ынтасын арттырады.

Біз заманауи білім беру әдістемелерін қолданамыз және балаларға қазақ тілінде сапалы тәрбие беруге ұмтыламыз. Біздің тәжірибелі тәрбиешілер әр баламен жеке жұмыс жасап, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес дамыту бағдарламаларын жүзеге асырады. Балабақшада жайлы орта, таза және қауіпсіз кеңістік, сондай-ақ балалардың денсаулығына зиян тигізбейтін заманауи жабдықтар бар.

толық ақпарат

Біздің Үйірмелер

музыка сабақтары

Балалар әндер айту, би билеу және музыкалық аспаптармен танысу арқылы өнерге деген сүйіспеншілікті дамытады. Музыка сабақтары балалардың шығармашылық қабілеттерін ашуға көмектеседі.

спорт сабақтары

Дене шынықтыру сабақтарында балалар белсенді қозғалыс пен ойындар арқылы денсаулықтарын нығайтады. Спорттық жаттығулар балаларды шыдамдылыққа және команда болып жұмыс жасауға үйретеді.

сурет салу сабақтары

Бейнелеу өнері сабақтарында балалар түрлі техникаларды үйреніп, өз қиялдарын суретке түсіреді. Сурет салу балалардың моторикасын және шығармашылық ойлауын дамытады.

Біздің Тәрбиешілер

Қараталова Айсұлу

С группаның Тәрбиешісі

Санатқызы Айдана

Б группаның Тәрбиешісі

Болатова Жансая

А группаның Тәрбиешісі

Біздің бағдарма

Дамыту ойындары

Шығармашылық сабақтар

Музыкалық сабақтар

Дене шынықтыру

Қазақ тілі сабақтары

Математика негіздері

Табиғатпен танысу

Театрлық ойындар

Байланыс

Жұмыс кетесі

Дүйсенбі - Сәрсенбі: 08:00 - 19:30

Жұма: 08:00 - 19:00

Мекен-жайымыз

Маңғыстау облысы , Ақтау қаласы

Толқын 2,43

Байланыс телефоны

8 (701) 447 31 46